RU
Ахметбеков елге қашқын олигархтар мен кеңестік білім беруді қайтарғысы келеді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ахметбеков елге қашқын олигархтар мен кеңестік білім беруді қайтарғысы келеді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбек бүгінгі теледебат кезінде партияның қашқын олигархтар мен қылмыскерлерді қайтарып, кеңестік білім беру жүйесін жаңғыртуыды көздеп отырғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото Бауыржан Жуасбаев

Фото Бауыржан Жуасбаев

Ахметбеков әлемді олигархтар мен трансұлттық корпорациялар, тонаушы пайыздар мен алыпсатарлар-делдалдар басқаратынына сенімді.

"Біз халық ақшасын жымқырып, қарттардың зейнетақысын және қарапайым азаматтардың салымдарын қолды қылған барлық қашқын олигархтар мен қылмыскерлерді елге қайтаруды көздеп отырмыз", - деді ол.

Қазақстандық білім беру реформаларына қатысты, ҚКХП партиясынан президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбек батысқа еліктеу Қазақстанның басты қателігіне айналғанын айтты.

"Кеңестік білім беру жүйесі бүкіл әлемде алдыңғы қатарда болды. Ал Кеңес мемлекетінде оқитындар көп еді. Кеңес мектебінде даярланған мамандарды алтынға теңеген".
"Кеңестік мектеп еңбек адамы мен зиялыларды дайындады. Қазіргі таңда бұл табыс көзіне айналып отыр. Біз оқудың барлығына қолжетімді болуы үшін тегін білімді қайтаруды ұсынып отырмыз", - деді Ахметбеков.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel