RU
Отандық депутаттар 31 мамыр күні ойын-сауықты шектеуді талап етті
Жаңалықтар Қоғам

Отандық депутаттар 31 мамыр күні ойын-сауықты шектеуді талап етті

Рассказать Вконтакте

Депутаттар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде сауық-сайранды шектеуді ұсынды. Сондықтан 31-ші мамыр күні телеарналар мен радиоларда ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылып, ал кафе-мейрамханалар көңіл көтеру шараларын кейінге қалдырсын деген талап қойды деп хабарлайды КТК арнасы.

31 мамыр

Нұрлан Дулатбеков. Фото: www.parlam.kz

"Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін өткізудің бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеп, оны еліміздің жастар жылымен сабақтастыруы керек. Архивтік материалдарды еркін зерделеп, ғалымдардың архивтік құжаттарын талдауға сол жылдардағы оқиғаларды объективті әрі толық зерттеу жүргізу", - деді мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков.

Яғни мәжілісмендер ХХ ғасырдың басында құрбан болған арда азаматтарды толық ақтауды сұрап отыр. Ол үшін шаң басқан архивтердегі құжаттарды қайта көтеріп, ғылыми конференциялар ұйымдастырылуы қажет дейді.

Бұдан бөлек, нәубет жылдары әр облыста тұрғызылған лагерьлердің орнына орталықтар мен мұражай ашу керектігін айтты.

Яғни бұл нысандар еліміздің киелі жерлерінің картасына енгізіліп, туристерді тартатын орынға айналуы қажет дейді депутатар.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
2
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel