RU
"Челси" Еуропа Лигасында "Арсеналды" ойсырата жеңді
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Челси" Еуропа Лигасында "Арсеналды" ойсырата жеңді

Рассказать Вконтакте

Баку қаласында өткен финалда лондондық "Челси" клубы "Арсеналды" 4:1 есебімен ұтып, Еуропа лигасының жеңімпазы атанды деп хабарлайды sports.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Лондондық клубтар арасындағы шешуші ойын тартысқа толы болды.

Бірінші таймда қос команда есеп аша алған жоқ.

Ойынның екінші жартысында "Челси" сапынан Оливье Жиру көзге түссе, артынша Педро Родригес екінші голды соқты.

Белгиялық сұрмерген Еден Азар 65 минутта есепті еселеді.

"Арсенал" сапынан Ивоби бір гол соққанымен, Азар 72 минутта ойынның нүктесін қойды.

Айта кетейік, "Челси" тарихында екінші рет Еуропа лигасын жеңіп алды.

Команданың бас жаттықтырушысы Маурицио Сарри мансабындағы алғашқы титулға қол жеткізсе, ал Оливье Жиру 2018/19 маусымдағы Еуропа лигасының үздік сұрмергені атанды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel