RU
Қазақстандықтар 4 айда 200 млрд теңге несие алған

Қазақстандықтар 4 айда 200 млрд теңге несие алған

Рассказать Вконтакте

Елде ипотекалық несие бойынша рекорд орнатылды. Қазақстандықтар тек соңғы 4 айда ғана 200 млрд теңге көлемінде қарыз алған деп хабаралайды Finprom.kz-ге сілтеме жасаған Астана арнасы.

Фото: lending.1stassociates.com

Фото: lending.1stassociates.com

Бүгінде ипотека нарығы баспана алуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында қарқынды дамуда.

Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 55,7 пайызға өскен.

Мәселен 2018 жылы жалпы құны 525 млрд теңгені құрайтын ипотекалық несие берілді. Бұл алдынғы жылдармен салыстырғанда екі есеге көп.

Мамандар бұның себебін пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі салдарынан көпшіліктің ипотекалық несиеге жүгіне бастағанымен байланыстырып отыр.

Мысалы екінші деңгейлі банктерде бұл мөлшерлеме былтырға дейін 10,5 пайызды құраса, ағымдағы жылы 8,1 пайызға төмендеді.

Н. Біләл

Сіздің реакцияңыз
1
0
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel