RU
"Жын көргендей боламын": Күйеуінен мезі болған келіншек ішіндегі шерін тарқатты
Жаңалықтар Қоғам

"Жын көргендей боламын": Күйеуінен мезі болған келіншек ішіндегі шерін тарқатты

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желідегі "Қыз сыры" парақшасында үш балалы келіншек жанын жегідей жеген ойларымен бөлісті. Оның айтуынша, сүйіп қосылған күйеуі кейін адам танымастай өзгеріп кеткен.

Көрнекі фото: vitamarg.com

Көрнекі фото: vitamarg.com

"Үш баламен ажырасқалы жатырмын. Күйеуімді көрсем, жын көргендей боламын. Маған істемегені қалмады, оны көрсем жүйкем сыр беріп, ашулана бастаймын. Көңілім әбден қалып кеткен. Ол шектен тыс қызғаншақтығының кесірінен мені өзінен алшақтатып алды. Өмірден шаршадым, балаларымның болашағы ғана алаңдатады", - дейді атын құпия қалдырған кейпікер.

Келіншектің айтуынша, күйеуі ажырасып, басқа әйелге үйленуге бел буған.

"Маған телефон шалып, үйленуге рұқсат сұрады. Басқаға үйлене берсін, маған бәрібір. Тек өмірімнің осындай бағытта өрбігені жаныма батады. Арада махаббат болмаса, қиын екен. Өзімнің кім үшін, не үшін жүргенімді білмеймін. Жақсы көрмедім демеймін. Алғашында онымен сүйіп қосылдым. Бірақ ит мінезінің салдарынан отбасымыздың шырқын бұзды. Бәрі ішіме сыймай кеткен соң, оқырмандарға айтып, шер тарқатқым келді", - дейді үш балалы әйел.

Желі қолданушылары келіншекке өз ақылын айтып, тағдырдың сынағына төтеп беруге шақыруда.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
16
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel