RU
Көлігінен 15 мың доллар тауып алған жүргізуші ірі қаржыны иесіне қайтарып берді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Көлігінен 15 мың доллар тауып алған жүргізуші ірі қаржыны иесіне қайтарып берді

Рассказать Вконтакте

Таиландтың Сисакет қаласында көлігінен 15, 600 мың доллар қаржы тауып алған ер адам қомақты ақшаны иесіне қайтарып берді. 39 жастағы Саравут Бунсаттха сөмкесін ұмыт қалдырған қожайынды да іздеп тапқан деп хабарлайды asiaone.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Asia News Network

Фото: Asia News Network

Сәрсенбі күні Саравут көліктің артқы орындығынан қомақты қаржы мен 75 жастағы швейцарлық Алан Бордьенің атына жазылған шотты тауып алған. Жүргізуші ақшаның иесін табу мақсатында радиостанцияның көмегіне жүгініпті.

Сөмкеден 282 672 бат және 2400 Швейцария франкі табылды. Сондай-ақ, Бангкок Банкінде Бордьенің атында жинақ кітапшасы жатты.

Бордьенің айтуынша, ол сөмкені өз бөлмесінде қалдырып кеттім деп ойлаған. Содан таилық әйеліне хабарласып, ақшаның бар-жоғын тексеруін сұраған. Алайда әйелі ештеңе таба алмапты.

Қуанышқа қарай, радиостанция оған өзі хабарласып, сөмкенің табылғанын хабарлаған.

Швейцариялық ер азамат Саравутқа сыйақы ретінде 20 000 бат берген. Ер адам сөмкесін жақсы адам тауып алғаны үшін өзін бақытты сезінетінін айтып, қуанышымен бөлісті. Оның сөзінше, ол жолы болғыш адам екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel