RU
"Давно дайынмын": Түркияда демалып жүрген Ерке Есмахан сүйгенін іздеп, жар салды (видео)

"Давно дайынмын": Түркияда демалып жүрген Ерке Есмахан сүйгенін іздеп, жар салды (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркия елінде ұлымен демалып жүрген Ерке Есмахан тағы да сүйгеніне іздеу салды. Әнші Instagram парақшасына құлап қалған сәтінен видео жариялап, жігітінің жоқ екенін еске алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан. Фото: Әншінің жеке парақшасы, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ерке Есмахан. Фото: Әншінің жеке парақшасы, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ерке Есмахан қазіргі уақытта махаббатын күтпегенімен, оны қарсы алуға біраздан бері дайын жүргенін жеткізді.

"Маxаббатты ешқашан күтпе! Аяқ астынан, кез келген уақытта келе салады” дейді ғой, білгіштер. Мен де күтіп жүрген жоқпын. Бірақ осыны оқып отырсаң, келе берші, айналайын! Мен давно (ред: біраздан бері) дайынмын! Видеода құлап қалған кезімде, жігітім жоқ екені есіме сап ете қалды", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары бір баласы бар әншіге бақытының міндетті түрде табылатынын айтып, басу айтты.

"Сізді қай жерінде құлайды екен деп күтіп отырдым", "Табылады уайымдамаңыз", "Сізге "еш жеріңіз ауырып қалған жоқпа?" деп уайымдайтын жігіт керек", "Алла жүрегінде иманы бар бір азаматты бұйыртсын".
" Ерке, әр әйел бақытты болуға лайықты. Сондықтан теңіңді табуыңа тілектеспін", "Жігітсіз де бақыттысыз ғой", "Іздегеніңіз табылады", "Сіз бақытқа лайықсыз" деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан бұған дейін де желідегі парақшасына болашақ сүйіктісін іздеп, жазба жариялаған.

Ал елімізге беліглі экстрасенс Назгүл Ермекқызы әншінің жеке өмірінде 2019-2020 жылары өзгеріс болатынын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
10
0
2
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel