RU
"Жеңіл жүрісті деді": Аяғы ауыр әйел күйеуінің соққысынан сәбиін жоғалтқанын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Жеңіл жүрісті деді": Аяғы ауыр әйел күйеуінің соққысынан сәбиін жоғалтқанын айтты

Рассказать Вконтакте

24 жастағы Гүлшехра Әбдіразақова бес жылдан бері күйеуі мен қайын жұртының қорлығына шыдап келген. Әйел адамның сөзінше, жұбайы оның көзіне шөп салып, құрсағындағы баласын мойындамаған. Ер азамат жұбайының жеңіл жүрісті екенін айтып, түсік тастауға себепші болыпты. Бұл туралы келіншек КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Гүлшехра Әбдіразақова сүйіп қосылған жары мен қайын жұртынан бес жыл теперіш көргенін жеткізді.

"Сол бір қаралы күні жеңгем босанып, құтты болсын айтуға барғанмын. Содан екі сағат отырып үйге келгенде ата-енем маған қатты ұрысты. Адам екі сағат біреудің үйінде отыра ма деді. Мен барсам өз ағамның үйіне бардым. Ұлыңыз үш-төрт күн үйде болғанда ештеңе демейсіз ғой" деп айтқаным үшін қайын жұртым мен күйеуім үйден қуып шықты.
Құрсағымдағы сәбиге 6 апта 2 күн болған кезде күйеуім ажырасуға арыз бердім, маған балалардың метіркесін бер деді. Мен бермеймін деген едім, 3-4 рет қабырғаға басымды ұрып, "Қаласам, қарныңдағы баланы да түсіремін" деп айтты", - дейді келіншек.

Гүлшехраның айтуынша, ол осы оқиғадан кейін ауруханаға түскен. Сол жерде дәрігерлер баланы жоғалтып алу қаупінің барын айтыпты. Ал екі ай өткен соң, ару 4 айлық баласынан айырылып қалғанын білген. Анықталғандай сәбидің жүрегі соқпай қалған.

"Сәбидің жүрегінің тоқтап қалғанын 10 мамыр күні білдім. Ішімде қатып қалған бірдеңе болған соң барсам, жүрегі тоқтап қалыпты", - дейді әйел адам.

Алайда жәбірленушінің күйеуі Бектемір Әбдіразақов жұбайының сөзін жоққа шығарып отыр.

"Трубаның жанында тұрып, документті сұрадым. "Жоқ" деді. Метірке орнында тұрмаған соң, қалтасында шығар деп ойладым. 28 ақпан, күн суық, сол үшін курткасының қалтасына қолымды салмақ едім, өзін жерге атып жіберіп, баспен құлады. Мен ешқашан әйелге қол тигізбегем", - дейді ол.

Сонымен қатар, Гүлшехра күйеуінің жүріс жасап жүргенін алға тартты.

"Күйеуім қыздармен жүріс жасап, жаман жолға түсті. Сол үшін менің күнде көңілім түсіп жүрді. Оны көрген ата-енем әйелің бізге күліп сөйлемейді, біздің көңілімізден шықпайды, үйіне айда деп менің көзімше айтатын", - дейді келіншек.

Гүлшехраның жұбайы өз кезегінде оның көзіне шөп салғанын жасырған жоқ. Оның сөзінше, әйелі үнемі шаршап жүргендіктен, ол арасында қыздарға барып тұруға мәжбүр болады екен.

Келіншектің сөзінше, оның жұбайы құрсақтағы сәбиді мойындамай, Гүлшехраны жеңіл жүрісті деп атаған. Ауыр сөзге шыдамаған әйел адам өз-өзіне қол жұмсамақ та болған екен.

Сіздің реакцияңыз
3
1
6
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel