RU
Тұрғымбаевтың ұлдары полицияның элиталық бөлімшелерінде қызмет ететіні рас па?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тұрғымбаевтың ұлдары полицияның элиталық бөлімшелерінде қызмет ететіні рас па?

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев ұлдарының полицияның элиталық бөлімшелерінде қызмет етіп жатқаны жөніндегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді. "Время" басылымының мәліметінше, олар жоғары лауазымда отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Басылым журналисі ІІМ басшысына ұлдарына қатысты сұрақ қойған.

Тілші олардың полицияның элиталық бөлімшелерінде жоғары лауазымда отырғаны жөнінде ақпарат бар екенін алға тартты.

Тұрғымбаевтың сөзінше, оның балалары құқық қорғау қызметімен байланысы жоқ мамандықтарды таңдаған.

"Олардың мемлекет пен қоғамның дамуына погон тақпай-ақ, өз үлесін қосатынына сенімдімін" , - дейді министр.

Материалды көшіріп, басу "Время" басылымының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
1
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel