RU
Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесі берілді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесі берілді

Рассказать Вконтакте

Сенаттың жалпы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесі берілді. Бұл шешімді депутаттар бірауыздан қолдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Депутаттар Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беру үшін бірауыздан дауыс берген.

Мұндай жоғарғы мәртебе Қазақстан мемлекеттілігі мен парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы оның тарихи рөлін мойындау белгісі ретінде беріледі.

"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырудағы, сондай-ақ отандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы, Конституцияны, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және қоғамды біріктіруге, ел дамуының стратегиялық бағытын айқындауға қосқан зор үлесін мойындай отырып, Парламент Сенаты қаулы етеді: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне "Құрметті сенатор" мәртебесі берілсін", - деді Талғат Мұсабаев.

Сондай-ақ, сенат төрайымы Дариға Назарбаева аталған мәртебеге қатысты пікір білдірді.

"Біз бүгін тарихи шешім қабылдадық. "Құрметті сенатор" атағын беру Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық қоғамның бірігуіне қосқан зор еңбегі үшін әділ баға және құрмет болып табылады. Баршаңызға үлкен рахмет", - деді сенат төрайымы Дариға Назарбаева.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel