RU
Мақпал Жүнісова мардымсыз жалақы төлейтін үкіметке шүйлікті

Мақпал Жүнісова мардымсыз жалақы төлейтін үкіметке шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Мақпал Жүнісова мемлекеттік қызметкерлердің жалақасының төмен екенін, өзінің айлығы 120 мың теңге екенін ашып айтты. "Қазақконцерт" ұжымының штаттағы өкілі саналатын халық әртісі жалақысы аз болғандықтан, тойдан қаражат табатынын мойындады деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, егер жалақысы қажетіне жетіп отырса, әрі-бері ұшып әуреленбейтінін баяндап берді.

"Маған үкімет 120 мың теңге ақша төлесе, мен оны жеткізе алмасам, әрине тойға барамын. Ол менің мамандығым. Ән айтып нәпақамды тауып жүрмін. Әркім өзі солай нанын табады. Айлығымның жетпегендігінен. Әйтпесе маған жетістіріп төлеп отырса, маған ары-бері ұшып жүрген ұнайды дейсіз бе?", - дейді Мақпал Жүнісова.

Еске сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын әнші өзінің атын пайдаланып, той иесінен 3 мың АҚШ долларын алып кеткен танысы жайлы айтып берген болатын.

Сонымен қатар биылғы жылдың қаңтарында Астанадағы концерттердің бірінде Мақпал Жүнісованың бағалы тасы бар сырғасы мен әшекейін белгісіз біреулер ұрлап кеткен.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
4
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel