RU
Жұмысқа көйлек киіп келген әйелдерге күніге 600 теңге сыйақы берілетін болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жұмысқа көйлек киіп келген әйелдерге күніге 600 теңге сыйақы берілетін болды

Рассказать Вконтакте

Татарстанда жұмысқа көйлек пен белдемше киіп келген қызметкерлерге қосымша ақша төленетін болды. Ерекше науқанды татарстандық "Татпров" кәсіпорны ұсынды деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Moddam.ru

Көрнекі фото: Moddam.ru

Осылайша, аталған кәсіпорында "Нәзіктік марафоны" жарияланды.

"Әйелдер киімінің дәстүрлі формасын және өзін сыйлайтын кез келген әйелдің мінез-құлқының этикалық қағидаларын қолдаймыз!", -деп жазылған әлеуметтік желідегі кәсіпорын тобында.

Науқанға кез келген қызметкер әйел қатыса алады. Басты талап- жұмысқа ұжымдық дресс-кодқа сәйкес келетін көйлек немесе белдемше киіп келу.

Одан бөлек, шаштың жиналып тұруы мен бояудың қарапайым жасалуы да маңызға ие.

Ереже бойынша, жұмысқа дәл солай киініп келген келіншек өзін суретке түсіріп, арнайы телефон нөмірге жолдау керек.

Сурет жіберген жандардың барлығына сыйақы беріледі. Яғни, келіншектерге күніне 600 теңгеге жуық (100 рубль) қосымша ақша төленеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
26
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel