Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еуропа лигасы": Азар, Жиру және Педро үздік ойыншы атағына таласпақ

Опубликовано:

УЕФА "Челси" мен "Арсенал" арасындағы ойын қорытындысы бойынша үздік футболшы атағына таласатын үміткерлерді атады деп хабарлайды Sports.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Челсидің" үш ойыншысы да Бакудегі финалда жақсы ойын үлгісін көрсеткен.

Жартылай қорғаушы Эден Азар "Арсенал" қақпасына екі гол соғып, бір нәтижелі пас берсе, шабуылшы Оливье Жиру ойындағы есепті ашып, командаласының доп соғуына мүмкіндік сыйлады.

Ал Педро Родригес те бір гол соғып, "Челсидің" жеңісіне үлкен үлесін қосты.

Еске сала кетсек, 29 мамыр күні түнде Баку қаласында Еуропа лигасының финалы өтті.

Лондондық "Челси" мен "Арсенал" арасындағы ойын 4:1 есебімен аяқталып, "көктер" чемпион атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1796836-europa-ligasy-azar-ziru-zne-pedro-zdik-ojynsy-atagyna-talaspak/

pixel