RU
"Үйде отыратын әйел емеспін": Әсел Асқар күйеуімен не үшін ажырасқанын мәлім етті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Үйде отыратын әйел емеспін": Әсел Асқар күйеуімен не үшін ажырасқанын мәлім етті

Рассказать Вконтакте

Instagram желісіндеүлкен танымалдылыққа ие болған Бүркіттің қарындасы неліктен бұрынғы жұбайымен ажырасып кеткенін айтты. Бір ұлы бар Әсел Асқар құпиясымен "Время" басылымына берген сұхбатында бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Актрисаның айтуынша, оның күйеуімен ажырасуына да өнерге деген махаббаты себепші болған.

"Баламның әкесін жамандай алмаймын. Ол өз мүмкіндігінше көмек көрсетеді. Ал мен одан артығын талап етпеймін. Ұлымды жалғыз өсіріп отырған жоқпын. Маған анам көмектеседі.

Менің шығармашылық армандарымды жүзеге асыруым күйеуіммен ажырасуыма себеп болды. Мен үйде ас дайындап, бауырсақ пісіріп, кешкісін телесериал көріп отыратын әйелдер қатарынан емеспін.

Маған ұлым туылып, үйде отырғанда-ақ дем жетпегендей болатын. Сол кезде мен "Менің бар жеткен жетістігім осы болып қала ма?" деп өзіме сұрақ қойдым", - дейді Әсел Асқар.

Сондай-ақ, Бүркіттің қарындасы 20 жасында отбасын сақтай алмағанын жасырмады.

"Ал жақында маған бір танысым "Сен зебрасың" дейді. Мен "Бұл қалай?" деп таңғалғанымда, "Жылқы секілді қыздар бар. Оларды бәрі пайдаланады. Ал сен зебра секілдісің. Саған тек сырттай сүйсінуге болады" деп жауап берді.
Шынында, менің отбасымды сақтауыма 20 жасымда ақылым жетпеді. Мен ер мінездімін. Ал қазір өзімнен басым түсетін азаматты күтудемін", - дейді Әсел Асқар.

Ескерту! Материалды көшіріп-басу "Время" басылымының рұқсатымен жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз
14
1
3
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel