RU
"Түртпей өсірдік": Роза Әлқожа інісі Әбдіжаппардың ауырған кездерін еске алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Түртпей өсірдік": Роза Әлқожа інісі Әбдіжаппардың ауырған кездерін еске алды

Рассказать Вконтакте

Отандық белгілі әнші Роза Әлқожа кенже інісі Әбдіжаппар Әлқожаны туған күнімен құттықтап, жантебірентерлік жазба арнады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"1991жыл еді. Жаңа туылған төрт айлық сіңлімді құшақтап, шай ішіп отырғанда, жеңешем тағы аяғы ауыр екенін айтты. Өзінен кейінгі үш балаға қарап жүрген тоғыз жасар қызға бұл қуаныш еді. Келесі жылы осы бір аппақ бала туылды. Шашы қоңыр. Өзі көп жыламайды. Еңбектеп жүргенше ғана емізген шығар. Анасы қатты ауырып, бір ай ауруханада жатты.

Бір күні бұл бес жасқа толғанда егістіктен қайтқан екі ағасының алдынан жүгіріп шығамын деп оңбай құлапты. Көрші әпкеміз көтеріп ап келді үйге. Басына зақым келген екен. Дәрігерлер "Қан ұйып қалған" деді. Содан үйдің бар әуресі осы бала болды. Жеті жыл ауырғанда, ауыл боп тілегін тілеген еді. "Тірі болса болды" деп түртпей өсірдік.

Жаным, Жапонтай, туған күніңмен! Сенің өмірге келгенің, сенің осылай жарқырап жүргенің біз үшін үлкен қуаныш! Сенің әнші болатыныңа, арманыңа сенген бір адам болса, ол менмін. Әлі де тыңдай берем. Жарығым, сендей ешкім маған жақын болған емес. Сен менің әріптесіме, сырласыма, жолдасыма айналғалы қашан?!", - деп жазды Роза Әлқожа.

Айта кетейік, бүгін әншінің інісі Әбдіжаппар Әлқожа 27 жасқа толған.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
1
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel