Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішімнен тебетін": Анаша шеккен күйеуінен таяқ жеп келген әйел елден көмек сұрады

Опубликовано:

Екіқабат кезінде жұбайынан таяқ жеген келіншек көрген қиыншылықтарын айтты. Анаша шегетін күйеуі кейде әйелінің ішінен де тепкен екен. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: beyaluna.com
Көрнекі фото: beyaluna.com: Twitter

Келіншектің айтуынша, оның күйеуі жаман әдеттерге әуес болған.

Нақтырақ айтқанда, отағасы ішімдік ішіп, анаша шегіпті. Онысы аздай, отбасының шырқын бұзып, әйелін талай таяқтың астына алған көрінеді.

"Екіқабат кезімде ішімнен тебетін. Мен үйіме 1 айға кетіп қалдым. Ағам келіп, оны ұрып кетті. Туған әкем қайтыс болды. Ол күнде мені ойлап, уайымдап жүріпті. Соңғы демін шығарғанда "қызыма қарап жүріңдер" депті.

Күйеуім ағам ұрғалы өзгерді. Бұрынғыдай емес, балаларын ойлайды. Бірақ, менің есіме ұрғандары, жаман қылықтары түсіп кетеді. Сондықтан жек көріп бара жатырмын.

Қазір ол Ресейде жұмыс істейді. Көңілім суып бара жатыр. Сөйлескім келмейді, ұрысып қаламыз. Мен бұрынғы істегендерін айтамын, неге олай істейтінсің деп сұраймын",- деп ағынан жарылды ол.

Одан бөлек, келіншек күйеуінің достары көп ішетінін, солар жаман жолға тартатынын алға тартты. Бүгінде бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған әйел көпшіліктен көмек сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796888-isimnen-tebetin-anasa-sekken-kjeuinen-taak-zep-kelgen-jel-elden-kmek-srady/

pixel