RU

Тұрғымбаев: Барлық қызметкердің жалақасын көтереміз

Қазақстанда 1 шілдеден бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы көбейеді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзгерістер заңды күшіне енгеннен кейін кімнің неше алатыны айтыланын жеткізді деп хабарлайды "Время" газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев, фото: ІІМ
Ерлан Тұрғымбаев, фото: ІІМ: Depositphotos

Министр осы жазда жалақының көтерілетінін растады және бұл шара ел президентінің бұйрығымен қабылданатынын айтты.

"Мен барлық қызметкерлердің жалақысын көтеретінімізді растаймын", - деді ведомство басшысы.

Жалақының артуы әр түрлі болады.

Яғни, егер қазіргі уақытта патрульдік полиция қызметкерінің жалақысы 103 мың теңге болса, 1 шілдеден кейін 146 мыңға дейін көтеріледі.

Жедел-тергеу бөлімі қызметкерлері ай сайын 150 мың теңге алады, сондай-ақ олардың тқрғын үйге өтемі 70-тен 200 мың теңгеге дейін өзгереді.

Бұл сома полицияның отбасында қанша адам барына байланысты болады.

Одан бөлек, Тұрғымбаев биылғы жылы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерінің жалақысы, полицияның материалдық-техникалық жабдықтары, төтенше жағдайлар қызметі және пенитенциарлық жүйе үшін бюджеттен 347 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.

Материалдарды көшіру және пайдалану тек "Баспа "Время" ЖШС-ның рұқсатымен ғана мүмкін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1796895-trgymbaev-barlyk-kyzmetkerdi-zalakasyn-kteremiz.html