RU
Нұр-Сұлтанда баланы үстелге жатқызып қойған жігіттер елдің ашуына тиді (фото)

Нұр-Сұлтанда баланы үстелге жатқызып қойған жігіттер елдің ашуына тиді (фото)

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтандағы кафелердің бірінде түскі ас уақытында екі азамат кішкентай баланы үстелдің үстіне, тамақтардың қасына жатқызып қойған. Ер жігіттердің бұл әрекеті астаналықтардың ашуына тиді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/zhaloby_astany

Фото: instagram.com/zhaloby_astany

"Бұл кеше Хан-Шатырда, Избушка фуд-кортында. Сіздердің ойларыңызша, бұл дұрыс па?",- деп жазды сурет авторы Instagram желісіндегі zhaloby_astana тобында.

"Не деген мәдениетсіздік", "Кез келген жерде дәрет сындыру қалды енді. Қолы бар ғой, қолына алса, бала да демалады. Отырады, жатады. Біздің мұндай әрекеттеріміз елімізді жаңа деңгейге мүлде шығармайды",
"Егер бала ұйықтап жатса, орындықтар бар ғой. Сол орындықтарды жылжытып, жатқызса болар еді. Үстел, не дегенмен біздің тамақтанатын орнымыз"- деді пікір қалдырушылар.

Желі оқырмандарының кейбірі бұл әрекетті қалыпты жағдайға теңеді.

"Бастысы, бала құлап қалған жоқ. Әйтпесе, қасында адам отыр, шаршаған, ұйықтап жатқан болуы керек. Бұл кешірімді нәрсе деп ойлаймын, -деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel