RU
Алматы облысында 21 жастағы жігіт он жасар баланы пышақтап кеткен

Алматы облысында 21 жастағы жігіт он жасар баланы пышақтап кеткен

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының полициясы мектеп оқушысын пышақтады деген күдікке ілінген 21 жастағы Дархан Айдархановты іздестіруде. 29 мамыр күні Үшарал қаласының ауруханасында 10 жастағы бала жарақатпен түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Пышақ жарақаты жеткіншектің өміріне қауіп төндірмепті.

Жәбірленуші полиция қызметкеріне шабуыл жасаған адамның белгілерін сипаттап берді.

"Күдіктінің үйге алаяқтық жолмен кіргені анықталды. Балаға бірнеше рет пышақ жарақатын салған ол үйден 20 мың теңге ұрлап кеткен.

Зардап шеккен жасөспірімнің сипаттамасына сәйкес, қылмыс жасаған күдіктінің аты-жөні анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға барлық аймақтың полициялары көмектесуде. Сондай-ақ, оның суреттері барлық полиция бөлімшелеріне жіберілді", - деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған ұқсас оқиға бұрынырақ Қарасай ауданында тіркелді, онда полиция қызметкерлері қылмыс жасаған күдікті ретінде Алматы қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстаған.

"Іздеуде жүрген күдікті туралы қандай-бір ақпарат білетін адамдардан 8 (7282) 608035, 608074, 603057, 8 - 7756963717 немесе 102 телефондары хабарласуды сұраймыз", - деді полиция.

Дархан Айдархановтың белгілері: 1998 жылы өмірге келген, бойының ұзындығы 175-180 см, дене бітімі арықтау, сопақ бетті, кең маңдайлы, қара қасты, қара көзді, ұзын мұрынды, кішкентай ауызды, орташа ерінді, қара шашты болып келеді.

Ерекше белгісі: төменгі ернінің оң жағында қалы бар.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel