RU
БЖЗҚ сайтындағы зейнет жасына дейінгі уақыт таймері халықтың ашуына тиді

БЖЗҚ сайтындағы зейнет жасына дейінгі уақыт таймері халықтың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

БЖЗҚ сайтындағы зейнетке дейінгі жастың есептегіші қазақстандық азаматтың шамына тиді. Сайт парақшасында оған зейнет жасына дейін 32 жыл, 280 күн, 8 сағат 23 минут және төрт секунд қалғаны көрсетілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/zhest_kz

Фото: instagram.com/zhest_kz

"Өзімнің тапқан зейнеткерлік жиынтығымды тексеру үшін БЖЗҚ сайтына кіріп, мынадай таймер көрдім. Қалай ойлайсыздар, аман жетемін бе?",-деп жазған қазақстандық азамат Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында.

"Бұл таймерге қараған ыңғайсыз екен", "Өмір есептегішін қайдан көруге болады? Мобильді қосымшаға кіріп, қанша өмірім қалғанын білейін", "Керемет есептегіш, қашан көз жұматыныңды да жаза салуы керек еді", "Қандай жиіркенішті", "Мына сандарға қарау қорқынышты",- деп жазды пікір қалдырушылар.

БЖЗҚ-ның бұл бастамасы жұрт арасында қалжыңға ұласып кетті.

"Қор немесе сен тірі қаласың", "Бізге 32 жылдан кейін жаз", "Бұл "Время" фильміндегі таймер ғой, соңында бәрі қайтыс болады" ,-деді желі қолданушылары.
Скриншот: instagram.com/zhest_kz

Скриншот: instagram.com/zhest_kz

Сіздің реакцияңыз
7
0
3
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel