RU
"Мүшеқап шашылып жатады": Елордалық үй қызметкері өз кәсібінің сырын ашты
Жаңалықтар Қоғам

"Мүшеқап шашылып жатады": Елордалық үй қызметкері өз кәсібінің сырын ашты

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда клинингтік компаниялардың қызметіне деген сұраныс артқан. Үй тазартудан бастап, түрлі ойын-cауық кештерінде ыдыс жуып, үйді қалыпқа келтіретін мамандар кей кездері қолданылған мүшеқаптарды да "жинауға" тура келетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: finly.ru

Көрнекі фото: finly.ru

Елордалық клинингтік компанияда үш жылдан астам жұмыс істеп жатқан маман ойын-сауық кештерінен соң пәтерлер мен коттеждерді жинау қиынға соғатынын айтты.

"Жұмысымыз соншалықты қиын болмағанымен, осы қызметімізден жиіркеніп кететін кезіміз де болады.

Ішімдік ішетін жастар пәтерді адам көргісіз етіп шашып қана қоймай, тамақ қалдықтары мен қоқысты да жинамай кетеді.

Тіпті үй иелеріне пәтерді жалға алған ақшасын да төлемей кететіндер болады.

Ұят та болса айтайын, кей күндері пайдаланған мүшеқаптарды да коттедждердің әр бөлмесінен жинап алуға тура келеді.

Жұмыс болған соң көнуге тура келеді. Сол үшін ақша алып отырмыз, сонымен отбасымызды асырап отырмыз", - дейді астаналық маман.

Ол сондай клинингтік компанияларға деген сұраныстың арта түскендігін атап өтті.

"Бұрын күніне 2-3 жерге баратынбыз, қазір 4-5 тіпті, пәтер мөлшері кішкентай болса 6-7 жерге барамыз. Әр қызметтің бағасы тазартылатын аумақтың көлеміне байланысты. Жалақымыз да бір айда алған тапсырысымызға қарай беріледі", - деді маман.
Сіздің реакцияңыз
21
4
7
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel