Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорқынышты": Балалар ойнап жүрген батут көптің алдында аударылды (фото, видео)

Опубликовано:

Бурятияның астанасы Улан‐Удэ қаласында балалар ойнап жүрген батут аударылды. Төтенше жағдай қатты жел салдарынан орын алды. Бұл туралы Infpol-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: infpol.ru
Фото: infpol.ru: Facebook

Төтенше жағдай Улан-Удэ қаласында бүгін түске дейін орын алды. Қатты соққан жел салдарынан батут аударылып құлады.

Сол уақытта аттракционда бес бала ойнап жүріпті. Олардың бәрі де зардап шекті.

Бір баланы қалалық аурухананың жансақтау бөліміне алып кеткен.

Фото: infpol.ru
Фото: infpol.ru: Getty Images
"Батут қазір ойнап жүрген балалармен бірге аударылып кетті. Бір жағы ұшуға сәл қалды. Өте қорқынышты", - деді куәгердің бірі.

Әлеуметтік желіде орналасқа видео кадрынан жерде шашылып жатқан балалар мен қанды байқауға болады.

Фото: infpol.ru
"Фото: infpol.ru: Facebook

Қазіргі уақытта аймақ қоршауға алынған. Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеуде.

Құқық қорғау органда тексеріс жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1796911-korkynysty-balalar-ojnap-zrgen-batut-kpti-aldynda-audaryldy-foto-video/

pixel