Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда дүкенде шу шығарып, бет тырнасқан әйел сотталды

Опубликовано:

Түркістан қаласының тұрғыны сауда орнында белгісіз әйелмен ұрысып қалған. Қоғамдық орында шу шығарған күдікті онысымен тоқтамай, жәбірленуші әйелдің денесін, бетін тырнап тастаған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түркістанда дүкенде шу шығарып, бет тырнасқан әйел сотталды
Көрнекі фото: news.day.az: Facebook

Сот алдында жауапқа тартылған азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1 бөлігімен айып тағылған. 

Айта кетейік,​ аталмыш бап бойынша​ он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген. 

Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен дүкенде жанжал шығарған Н. есімді азаматшаға айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796921-trkistanda-dkende-su-sygaryp-bet-tyrnaskan-jel-sottaldy/

pixel