Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғымбаев жолдағы сыбайлас жемқорлықты қалай азайтуға болатынын айтты

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сыбайлас жемқорлықтың өсуі мен жүргізушілерді жолда негізсіз тоқтатуға жол бермейтін шаралар туралы айтып берді деп хабарлайды "Время" газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев, фото: ІІМ
Ерлан Тұрғымбаев, фото: ІІМ: UGC

Ведомство басшысы газетке берген сұхбатында құқық қорғау органдарында болып жатқан мәселелерге қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берді.

Олардың бірі жолдардағы сыбайлас жемқорлық пен бопсалаушылық, сондай-ақ жүргізушілерден көп шағым түскен орынсыз тоқтату фактілері болып табылады.

Ішкі істер министрі заңсыз әрекеттер мен негізсіз тоқтатуға қатысты шағымдар жуық арада да болатынын болжады.

Алайда, Тұрғымбаевтың айтуынша, ведомство жол қозғалысын автоматтық қадағалауға көшуге дайындалуда.

Қазіргі уақытта "Рубеж" бекеттерінің саны азайып, 4 есе қысқарған.

Ішкі істер министрі жұмыс істеп тұрған бекеттеріндегі қадағалау арнайы қозғалысты басқару жүйелерімен жүзеге асырылатынын атап өтті.

Оның пікірінше, олардың арқасында транспорттарды тіркеу автоматтандырылып, көліктерді ұрлау базасы арқылы тексеруге болады.

Осы жүйелердің тағы бір міндеті - салық төлеуден жалтарған қылмыскерлерді анықтау болып табылатынын жеткізді.

Тұрғымбаев министрлік патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы болған кезде ғана жолға шығып, қажет болған жағдайда қалалық қиылыстардағы қозғалысты реттейді деп жоспарланғанын жеткізді.

Материалдарды көшіру және пайдалану тек "Баспа "Время" ЖШС-ның рұқсатымен ғана мүмкін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796922-trgymbaev-zoldagy-sybajlas-zemkorlykty-kalaj-azajtuga-bolatynyn-ajtty/

pixel