Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ажырасу жиілеп кетті": Тоқаев алаяқтық жолмен әлеуметтік көмек алатындарды тоқтатуды тапсырды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін ажырасып жатқан ерлі-зайыптылардың көбейгені жайлы тараған ақпаратқа пікір білдірді. Бұған қатысты президенттің жазбасы Twitter парақшасында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: UGC
"Атаулы Әлеуметтік Көмек алу мақсатында көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетті. Үкімет пен Президент Әкімшілігіне алаяқтыққа тосқауыл қою үшін цифрландыру жүйесін енгізуді жеделдету тапсырылды. АӘК – бұл мұқтаж азаматтарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы", - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, шымкенттік судьялар мен билер атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін ажырасып жатқандардың көбейгенін айтып дабыл қаққан еді.

21 мың теңгені алу үшін отбасынан бас тартқан әке, жалғыз басты ана көбейген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796924-azyrasu-ziilep-ketti-tokaev-alaaktyk-zolmen-leumettik-kmek-alatyndardy-toktatudy-tapsyrdy/

pixel