RU
Таразда 5 қабатты тұрғын үй өртеніп, 170-тен аса адам қауіпсіз жерге шығарылды
Жаңалықтар Қоғам

Таразда 5 қабатты тұрғын үй өртеніп, 170-тен аса адам қауіпсіз жерге шығарылды

Рассказать Вконтакте

Таразда бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, тілсіз жау бүкіл шатырды қамтыған деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: kp.kz

Көрнекі фото: kp.kz

Комитеттің хабарлауынша, №5 ықшам ауданда орналасқан тұрғын үйдегі өрт 30 мамыр күні сағат 19:34-те басталған.

Оқиға орнына 19:38 өрт сөндірушілердің алғашқы тобы келіп жеткенде тұрғын үйдің шатыры жанып жатқан.

Өрт сөндірушілер ең алдымен көп қабатты үйдегі 171 адамды қауіпсіз жерге шығарған. Оның ішінде 42-і бала болған. Сонымен қатар тағы 20 адам құтқарылған. Оның бесеуі бала.

"Шатырдағы өрттің пәтерлерге ойысу қаупі сақталғандықтан 19:55 минутта өртке жоғарғы үшінші ранг тартылды. Өртті сөндіру үшін үш бөлімше, пәтер тұрғындарын тіркеу үшін жедел топ ұйымдастырылды", - деп хабардар етті ТЖК.

Жалпы өрттің ошағын сөндіруге жеке құрамнан 62 адам мен ТЖД-нің 17 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Қолданылған шаралардың арқасында 20:50-де 1200 шаршы метр аумақтағы өрт ауыздықтылған. 22:11-де сөндірілген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel