RU
Қасиетті Қадір түніне орай 764 адам түрмеден босатылмақ
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қасиетті Қадір түніне орай 764 адам түрмеден босатылмақ

Рассказать Вконтакте

Рамазан айында Түркіменстанда рақымшылықтың арқасында 764 адам бостандыққа шықпақшы. Ел президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов қасиетті Қадір түнінің құрметіне орай рақымшылық жариялау туралы жарлыққа қол қойған деп Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: ТАСС, Максим Шеметов

Көрнекі фото: ТАСС, Максим Шеметов

"Рақымшылық жариялау арқылы біз жасаған ісіне өкінген азаматтарға жаңа өмір бастап, кінәларынан арылуға мүмкіндік береміз", - деп мәлімдеген түркімен президенті.​

Мемлекеттік баспасөздің хабарлауынша, Бердымұхамедов жергілікті билік органдарына түрмеден рақымшылықпен босап шыққандарға жұмыс тауып беруді тапсырған.

Орталық Азия елдері арасында Түркіменстан жан басына шаққанда ең көп тұтқын ұстап отыр.

2006 жылдың аяғында Гурбангұлы Бердымұхамедов билікке келгелі бері түрлі мерекелерге орай рақымшылық жариялау дәстүрі қалыптасқан.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
2
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel