Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім қазақ" деп тамылжыта ән салған өзге ұлт өкілдері көпшілікті сүйсінтті

Опубликовано:

Атышулы әнші Төреғали Төреәлінің "Жүрегім қазақ" әнін тамылжыта орындаған өзге ұлт өкілдері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Ерлі-зайыптылар көлік ішінде қазақ әншісінің репертуарындағы әнін мүдірместен жатқа айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды
Скриншот видеодан алынды: Twitter

Аталмыш бейнежазба Instagram желісіндегі zello_kaz парақшасында пайда болған. Видеодағы кейіпкерлердің кім екені әзірге белгісіз. Автор тек:

"Алматылық ерлі-зайыптылар Үлкен Алматы көліне саяхаттап барғанда, Төреғали Төреәлінің "Жүрегім қазақ сенесің бе?" әнін орын отыр. Видео Instagram желісінде танымал болуда", - деп қысқа ғана жазба қалдырған.

Желі қолданушылары болса орындаушылардың өнеріне тәнті болған. Олар "Жарайсыңдар", "Тамаша орындау", "Қазақшаларыңыз керемет" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796941-tregalidi-nin-tamylzyta-oryndagan-zge-lt-kilderi-kpti-sjsintti/

pixel