RU
Түркістан облысында жоғалып кеткен 14 жасар қыз бала табылды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында жоғалып кеткен 14 жасар қыз бала табылды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 14 жастағы қыз бала 28 мамыр күні үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп, қайтып келмеген. Ата-анасы қызын өз беттерінше әбден іздеп, таппаған соң тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің полицейлері жоғалған қыз баланың ерекше белгілері бойынша іздеуге кіріседі. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жасөспірім қызды анасының танысының үйінен тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

Полицейлер табылған қыздың денсаулығына ешқандай қауіп төнбегенін анықтады.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызынан көз жазып қалған ата-ана арыз түскен сәттен бастап, жедел әрекет етіп, қызын аман-есен тауып берген тәртіп сақшыларына ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ, Сарыағаш ауданында да жас ана сауда орталығында 4 жастағы қызынан көз жазып қалған.

Таба алмай шарасы таусылған ана полицияға арызданады.

4 жасар бүлдіршінді іздестіруге жедел кіріскен полицейлер жоғалған аумақты басты назарға алған.

Нәтижесінде бірер сағатта 4 жасар қыз баланы тауып, анасымен қауыштырды.

Айта кету керек, жыл басынан бері осымен жоғалған 9-шы баланы тәртіп сақшылары іздеп тауып, аман-есен ата-аналарына табыстап отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel