RU
Бағасы арзан жейдеге бола төбелес шығарған қыздар елдің күлкісіне қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бағасы арзан жейдеге бола төбелес шығарған қыздар елдің күлкісіне қалды

Рассказать Вконтакте

Instagram желісінде дүкеннің дәл ортасында бір футболкаға таласқан екі бойжеткеннің видеосы тарап кетті. Олар бағасы жеңілдікпен тұрған киімге бола бір-бірін жұлмалай бастаған. Қыздардың "шайқасы" әлеуметтік желі қолданушыларының күлкісін келтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Желіде тараған видеода арулардың ірі сауда орталығындағы танымал дүкендердің бірінде футболка үшін бір-біріне жармаса кеткені көрініс табады.

Анықталғандай, киім жеңілдікпен сатылғандықтан, тек бір данасы қалған екен.

Сондай-ақ, бейнежазбада дүкен қызметкерлері мен келушілердің қыздарды ажыратуға тырысқанын анық көруге болады. Алайда олар жігіттерге де дес бермей, "жекпе-жегін" жалғастырған.

Видео астында: "Қыздар, жеңілдік үшін не нәрсеге дайынсыңдар?" деген жазба қалдырылған.

Нәзік жандылардың іс-әрекетін көрген желі қолданушылары езуін жия алмай, түрлі пікірлер білдіріп жатты.

"Футболка пол жуатын тряпка болып қалды ғой", "Мен тура осылай өмір сүрмейді екем", "Мына футболканың размері ХХХL болып кеткен шығар енді", "Бейшара жігіт", "Ұят-ай",- деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз
12
2
1
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel