RU
Абаев президенттің не себепті теледебатқа қатыспағанын түсіндіріп берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Абаев президенттің не себепті теледебатқа қатыспағанын түсіндіріп берді

Рассказать Вконтакте

29 мамырда өткен теледебатқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың не себепті қатыспағанын ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев түсіндіріп берді деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Arnapress.kz

Фото: Arnapress.kz

Бұл туралы министр "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында айтып өтті.

"Оның себептері әртүрлі болады. Мысалы, Қасым-Жомарт Тоқаев сияқты кандидат бос болмауы мүмкін. Президент ЕАЭО жоғарғы экономикалық кеңесінің отырысына қатысты", - деп түсіндірді Дәурен Абаев.

Министрдің сөзінше, кейбір кандидат дебатты тиімді құрал деп санамауы мүмкін және оның бағдарламасы мен саяси салмағы қарсыластарынан асып түсіп жатады.

Ол сол себепті, пікірталасқа түспеуді ұйғаратынын айтты.

Абаевтың айтуынша, әлемде мұндай тәжірибе көп кездеседі.

Айта кетейік, сайлау алды теледебат 29 мамырда "Хабар" телеарнасында өтті.

Ол 18:00-де басталып, 80 минут созылды.

Пікірсайысқа Қасым-Жомарт Тоқаев, Дания Еспаева, Төлейтай Рахимбеков қатысқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз
11
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel