Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Біз сталинизмнің жазықсыз құрбандарына қол ұшын создық

Опубликовано:

Бүгін, 31 мамырда қазақстандықтар Кеңес уақытында билік дүмпуі астында қалған саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Жыл сайын 31 мамыр күні тұрғындар жазықсыз ату жазасына кесілген азаматтарды, сол уақытта халқымыз бастан кешірген қайғылы оқиғаларды еске алады.

Солақай саясаттың құрбанына айналған жүз мыңнан аса адам барша жұрттың мәңгі есінде қалмақ.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің Instagram парақшасы видео жариялады. Онда Елбасы қазақстандықтарға өткен оқиғалардың маңыздылығын және себепсіз атылып, қаза тапқандарды есте сақтау қажеттігін атап өтті.

лемде еш бір ел, бірде-бір халық өз мемлекетінде осындай демографиялық жағдайдағы сынықты басынан өткермеген. Қазақстан секілді толықтай құлдыраудың алдында тұрмаған. Біз аман қалдық, ұлт ретінде басымыз бірікті, қатыгез, зұлым болмадық. Біз 20 ғасырдың сұмдық трагедиясы үшін ешкімге ешқашан кінә таққан емеспіз. Біз сталинизмнің барлық жазықсыз құрбандарына қол ұшымызды бердік", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, роликте Қазақстан билігінің егемендік алғаннан кейін жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңды алғаш рет шығару туралы шешім қабылдағаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1797020-nazarbaev-biz-stalinizmni-krbandaryna-barynsa-kol-syn-sozdyk/

pixel