Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кикілжің болып қалды": Қайрат Нұртастың досы хит әнді әншіге бере салған

Опубликовано:

Әнші Нұржасар Байшүкенов осыдан бірнеше жыл бұрын Қайрат Нұртаспен бірге "Ұмытар емеспін" атты хит әнді орындаған еді. Сол кезде ісі алға баспай, өнерден алыстап кеткен жігіт хитмен досына аталмыш әнді тастап кеткеніне өкініш білдірді. Бұл туралы "Хит-Тв" арнасының "Headliner" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Нұржасар Байшүкенов, Қайрат Нұртас. Фото: Хит-Тв арнасы, әншінің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Нұржасар Байшүкенов, Қайрат Нұртас. Фото: Хит-Тв арнасы, әншінің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Тараздық азамат аз уақытта өнерге қайта оралатынын жеткізді.

"Облыстық филармонияда жұмыс істеп жүрдім. Қазір әндерімді жаздырып, клип түсіріп жатырмын. "Ұмытар емеспін" деген менің әнім болатын. Қайрат Нұртас екеуміз бірге оқығанбыз, әнді концертінде айтып шықты.
Досым болғанымен, "бірге ән айтайық" деп сұрауға ұялады екенсің. Әр адамның өз арбасын өзі сүйреткені дұрыс қой. Арамызда кішкене кикілжің болып қалды. Дау-дамай болған кезде, мен өзім... Қайрат Нұртас дос балам, әрі репертуарында әні де аз болды", - дейді Нұржасар Байшүкенов.

Естеріңізге сала кетейік, күні бүгін Қайрат Нұртас өзіне теріс пікір жазатындарға су шашып жібергісі келетінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797022-kikilzi-bolyp-kaldy-kajrat-nrtasty-dosy-hit-ndi-nsige-bere-salgan/

pixel