RU
Қарағандыда тоқсанға жуық көпбалалы отбасы баспаналы болды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда тоқсанға жуық көпбалалы отбасы баспаналы болды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда 86 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Қала әкімі Нұрлан Әубәкіров 30 мамыр күні оларға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады деп хабарлайды «ҚазАқапаратқа» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: belnovosti.by

Фото: belnovosti.by

Көпбалалы отбасыларға берілген пәтерлер Қарағандының оңтүстік-шығысындағы жаңа Бәйкен Әшімов ауданында салынған үйлерде орналасқан.

Болашақта бұл жер қаланың әкімшілік-іскери және мәдени орталығына айналмақ. Жаңа әлеуметтік және спорттық объектілердің, саябақтардың, концерттік залдың, балалар мен жастар сарайын салу жоспарлануда.

"Қазіргі таңда, облыс орталығында 1500 көпбалалы отбасы әлеуметтік көмекті алып жатыр. Шамамен 500-і қоғамдық көлікпен жүруге жеңілдікпен қамтамасыз етілген. Балабақшаларда көпбалалы отбасылар үшін 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.
Оған қоса, балалар спорттық секциялар мен түрлі үйірмелерге тегін қатыса алады. Ал жазда "Салют" лагерінде демала алады" , - деді Нұрлан Әубәкіров.

Өңірдегі көпбалалы отбасыларға кешенді көмекті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске асырып жатыр.

Бірінші маусым күні тағы он көпбалалы отбасы пәтер кілттерін алды.

Қарағанды бойынша, мемлекеттік тұрғын-үй қорындағы кезекте 494 отбасы тұр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel