Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Барахолкадан киінген Айсәуле Бақытбек жұртқа жақпай қалды (видео)

Опубликовано:

Барахолкаға барып, 20 мың теңгеге киінген Айсәуле Бақытбек көпшілікке ұнамай қалды. Желі қолданушылары базар қызметкерлерін күлкіге айналдырған жас қыздың ісін сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Айсәуле Бақытбек. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Продюсердің қызы "Oybay show" бағдарламасының жүргізушісі Мұхит Сапарбаевпен бірге "Болашақ" базарын аралаған.

Бойжеткен мен бағдарлама жүргізушісі базардан көйлек пен шалбар, футболка және біз өкшелі аяқ киім алған.

Сондай-ақ олар макияж жасауға қажетті барлық косметиканы 8500 теңгеге саудалайды.

Алайда желі қолданушыларына Айсәуле Бақытбектің базардан алынған заттары мен бояуларын сынағаны ұнамай қалған.

"Сол базарда қанша адам күнін көріп жүр", "Өзгелер "Барахолкадан" еріккеннен киініп жүрген жоқ. Ол жақтың киімін кисе не болады екен? Менің ойымша, сен қарапайым сауда орнынан киінетін адамдарды қорлап тұрсың".
"Сонда "Барахолкадан" қандай адамдар киіну керек?", "Кім, қайдан киінсе де, оны өзі біледі. Не болыпты, "Барахолкадан" киінсе? Ол жақтың киімдері кейбір сауда үйлерінде бес есе бағасымен қымбат сатылып жатыр ғой" деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797032-baraholkadan-kiingen-ajsule-bakytbek-zrtka-zakpaj-kaldy/

pixel