Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында ат мінгені үшін қызметінен кеткен полицей орнына жаңа басшы келді

Опубликовано:

Атырау облысында полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. Лауазымды орынға Қамза Үмбетқалиев келді деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» сілтеем жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қамза Үмбетқалиев. Фото: azh.kz
Қамза Үмбетқалиев. Фото: azh.kz: Facebook

Бұл тағайындалуға дейін ол облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Оған қоса, Үмбетқалиев кезінде қала бойынша ішкі істер бесқармасының басшысы болған.

Айта кетейік, Атырау облыстық ПД басшылығында ол Аян Дүйсембаевтың орнын басты. Департаменттің бұрынғы басшысы жұмысынан жанжал салдарынан босап қалған.

Желіде Дүйсембаевтың генерал формасында атқа мініп алған видеосы тарап кеткен болатын. Аталмыш жазба ел арасында қызу талқыланып, полицей сынға ұшырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облыстық Полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевтың әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды.

Полиция басшысына сыйлық тарту еткен ауыл тұрғындары оны жақтап петиция жазған.

Жақында Аян Дүйсембаев қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797058-atyrau-oblysynda-at-mingeni-sin-kyzmetinen-ketken-policej-ornyna-zaa-bassy-keldi/

pixel