RU
"Нәпсіге ерік бердім": Жүкті болып қалған 21 жастағы қыздан сүйіктісі бас тартты
Жаңалықтар Қоғам

"Нәпсіге ерік бердім": Жүкті болып қалған 21 жастағы қыздан сүйіктісі бас тартты

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласындағы ЖОО-да оқитын 21 жастағы қыз өзін ақымаққа теңеп, өміріне налып отыр. Оған басты себеп, ессіз ғашық болған бойжеткен нәпсіге ерік беріп, жігітінен жүкті болып қалған. Сорақысы, қол ұстасқан ғашығы аруды жар етуден бас тартыпты деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: today.kz

Көрнекі фото: today.kz

Бүгінде 3-курс оқитын ару мұндай жағдайға бұрын да тап болған. Нақтырақ айтқанда, оны 17 жасында есірткіге еліткен жігіт қорлаған.

"Сол жігіттен аяғым ауыр боп қалып, ол туралы ешкімге айтпай жүре бердім. Сөйтіп ата-анам менің жүкті екенімді ішім шыққанда бір-ақ білді. Оларға сол кезде болған жайды айттым. Сонымен босанып, балам шетінеп кетті", - деді ол.

Бойжеткеннің айтуынша, 11 сыныпта кездесіп жүрген ғашығы болған оқиғадан соң қыздан ат-тонын ала қашып, жоғалып кеткен. Алайда, араға біраз уақыт салып, аруға қайтадан махаббатын білдіріпті.

"Менің басымнан өткен жағдайдан кейін ол мені тастап кеткен болатын. Сосын біраз уақыт өткен соң қайтадан қайтып келді, бəрібір сені жақсы көрем деді. Мен оны жақсы көргендіктен оның сөзін қабылдаған едім", - дейді бойжеткен.

Осылайша, үлкен қалада махаббатқа мастанып жүрген ару қалайша жүкті болып қалғанын аңғармай қалады.

"Сосын менің одан аяғым ауырлап қалды. Сезімге ерік бердік. Ақылыммен əрекет қылмай, нəпсінің етегіне ерік бердім. Ол үшін қазір өзімді жек көріп те жүрмін. Шынымды айтсам өліп қалғым келеді. Қазір балама төрт айдан асып барады. Ол басында алдырамыз деп жүрді, бірақ жоқ боп кетті. Мен оны мазалап қоймадым, соңында ол маған үйдегілерге айтамын деп сөз берді. Бірақ одан кейін сөзінен тайып, қалай айтам деп тағы шықты", - дейді сырымен бөліскен ару.

Ақырында бойжеткен уәдесінен тайып, қашып жүрген cерісінің ата-анасына баруды жөн көреді. Дегенмен, оның бұл әрекеті жақсылықпен аяқталмаған екен.

"Сосын мен жыным ұстап, оның үйіне өзім бардым. Ата-анасымен сөйлестім. Әкесі жігітімнен: "енді үйленесің бе" деп сұраған еді, ол жоқ деп жауап берді. Əке-шешесінің маған айтпаған сөзі жоқ. Барлық кінəні өзіме жапты. Барғаныма өкініп қалдым. Бұл жағдай жайлы анам əлі білмейді.
Бірақ маған анам ескерткен болатын, екінші рет сондай жағдай қайталанса, бар да асылып өліп қал деп. Əке-шешемді іш құса етіп, өлтіретін болдым. Жігітім мен сені алмаймын, бірақ баланы босан, қолымнан келгенше көмектесемін дейді. Бірақ ол сөзінде тұрмайды. Оның сөздеріне сенбеймін мүлдем", - деп түйіндеді бойжеткен.

Енді өз қателігінен өмірін ойрандаған қыз жұрттан көмек сұрап отыр. Ол психолог мамандар өзіне көмектессе екен дейді.

Сіздің реакцияңыз
20
3
5
10
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel