RU
Шымкентте жас депутаттар енді желідегі лүпіл саны бойынша сайланатын болды

Шымкентте жас депутаттар енді желідегі лүпіл саны бойынша сайланатын болды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жас депутаттар желідегі лүпіл саны бойынша сайланатын болды. Бұл туралы Шымкент қалалық Жастар орталығындағылар мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: nsn.fm

Көрнекі фото: nsn.fm

Мекеменің мәліметінше жастар мәслихатының депутаты атануға 14-28 жас аралығындағы кез келген қала тұрғынының мүмкіндігі бар.

Кандидаттардың құжаттарын қабылдау 3-12 маусым күндері жүреді. Ол үшін депутат болудан үміттілер комиссияға жеке куәлігін, өмірбаянын, жетістіктері мен эссе, өзі туралы бейнеролик, ұсыным хат және мекенжай туралы анықтаманы өткізуі қажет.

Ерекше атап өтерлігі, тиісті құжаттарын өткізген кандидаттардың өздері туралы бейнероликтері орталықтың Instagram парақшасына жарияланады. Талап бойынша, бейнеролик 2 000 лүпіл жинауы қажет.

Егер депутат болғысы келетін жас әлеуметтік желіге тіркелмеген болса, 500-ден аса қол жинауына тура келеді. Бұл талаптар орындалса, кандидат келесі кезеңге өтеді. Бұдан соң болашақ депутаттарды анықтау Telegram желісіндегі дауыс беру арқылы жалғасады.

Қысқасы, шымкенттік жас депутаттар желідегі дауыс саны арқылы анықталатын болды. 

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel