RU
"Дос-Мұқасан" мүшесі "Эйр Астана" қызметкерінен кешірім сұрады
Жаңалықтар Қоғам

"Дос-Мұқасан" мүшесі "Эйр Астана" қызметкерінен кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

"Эйр Астана" баспасөз қызметі әуе компанияның қызметкері мен композитор Мұрат Құсайыновтың табысқаны туралы ақпаратты растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетейік, әуе компаниясының қызметкері мен "Дос-Мұқасан" мүшесі арасындағы жанжал осы жылдың 14 сәуір күні болған. Сол кезде Анар есімді қызметкер қыз музыканттың өзіне қол көтергенін айтқан.

Осыдан кейін тексерістер жүргізіліп, сот өнер иесіне "Бұзақылық" бабы бойынша 12 625 теңге айыппұл салды.

Алайда, соттың баспасөз қызметінде қаулы заңды күшіне енбегенін және тараптардың шешімімен келіспеген жағдайда оған шағым жасауға құқылы екенін хабарлады.

Ал жақында композитордың қыздан кешірім сұрағаны, ал "Эйр Астана" қызметкері табысуға келісім бергені анықталды.

Айта кетейік, Мұрат Құсайынов сот шешіміне пікір білдіріп, іс аяқталған соң барлығын баяндап беретінін айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel