Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте сірке суын ішіп қойған екі бала өлім аузынан қалды

Опубликовано:

Шымкентте әжесінің үйіне қыдырып барған 10 жастағы екі оқушы сірке суын ішіп қойып, өлім аузынан аман қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: themighty.com
Көрнекі фото: themighty.com: Facebook

Сұйықтық ішіп қойған екі бала ауыр халде қаладағы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген.

Шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілген балақайлар дәрігерлердің араша болуымен аман қалды. Қазіргі таңда екі науқас та ақ халаттылардың жіті бақылауында.

"Балалар орталыққа ес-түссіз күйде келіп түсті. Бір аптаға жуық бақылауда болып, қазір палатада тиісті емін қабылдап жатыр. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы. Бұйыртса бүгін үйлеріне шығарылады", - деді орталықтағылар.

Қауіпті сұйықтықтан уланған жеткіншектердің бірі болған жағдайды былайша баяндап берді:

"Әженің үйінде ойнап жүріп, баклажкадағы суды байқамай ішіп қойдым. Кейін аузым және тілім ісіп, жағдайым нашарлай бастады. Қазір жағдайым жақсы. Енді баклажкадағы сусындарды абайлап ішетін болдым", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797103-symkentte-sirke-suyn-isip-kojgan-eki-bala-lim-auzynan-kaldy/

pixel