RU
Түркістанда кішкентай қызды мал қорада зорламақ болған 35 жастағы азамат сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістанда кішкентай қызды мал қорада зорламақ болған 35 жастағы азамат сотталды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен 35 жастағы азамат 15 жылға темір торға тоғытылды. Сотталушы бүлдіршін қызды зорламақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: anapa-ch.ru

Көрнекі фото: anapa-ch.ru

Сотталған азамат Түркістан қаласына жұмыс іздеп келген көрінеді. Жұмыссыз жүрген ол таңертең аулада ойнап жүрген кішкентай қызды байқап ойы бұзылады.

Артынша арам пиғылды азамат бүлдіршінді мал қораға сүйреп әкеп зорламақ болады.

Бұл ойын іске асырмақ болған уақытта сарайға бүлдіршін қыздың туыс әпкесі кіріп қалған. Қорадан қашып шыққан нәпсіқұмарды көршілер ұстап алыпты.

Бұл жайында тәртіп сақшыларына жәбірленуші бүлдіршін қыздың әпкесі айтып берген.

Қолға түскен педофил ҚР ҚК нің 24 және 120-баптары бойынша кінәлі деп танылды. 15 жылға бас бостандығынан айырылған қылмыскер жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз
0
10
6
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel