Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Қазгидромет синоптиктері Қазақстан бойынша алдағы маусым айына арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: goodfon.ru
Көрнекі фото: goodfon.ru: Facebook

Қазақстанның барлық ауданында жаз ыстық болып басталады. Дегенмен, жоғары температураға қарамастан, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

5 маусымға дейін температура бағаны негізгі қалыпта +25+35°С, ал солтүстік және орталықтың кейбір аудандарында +20+28°С болады.

Алғашқы онкүндіктің ортасында солтүстік циколондармен республиканың солтүстік, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарында жел, дауыл араласқан қатты жауын жауып, бірінші онкүндіктің соңына дейін жалғасады.

Осы уақытта ауа температурасы:

Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста түнде +2+7°С, күндіз +12+23°С градусқа дейін;

оңтүстік-шығыста түнде +7+12°С, күндіз +15+25°С градусқа дейін;

ал оңтүстікте түнде +10+15°С, күндіз +20+28° градусқа дейін төмендейді.

Аталған кезеңде елдің батысында және оңтүстік-батысында күн қатты ысиды.

Маусым айында Қазақстанның солтүстік аудандарында жауын-шашын көбейіп, оңтүстік өңірлерде азая түспек.

Нақты айтқанда, ауа температурасының төмендеуімен бірге нөсердің жаууы Қазақстанның көптеген өңірлерінде екінші онкүндіктің соңы мен үшінші онкүндіктің басында және айдың соңында қайта басталады. Ал батыста мұндай ауа райы екінші және үшінші онкүндіктің ортасында күтіледі.

Бұл айдпа оңтүстік және батыс өңірлерде жоғары температура сақталғанымен, қысқа мерзімді жаңбырлар жаууы мүмкін.

Ал маусымның қалған күндері Қазақстанда +30+35°С, оңтүстік өңірде +39°С градус ыстық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797149-sinoptikter-mausymga-arnalgan-aua-rajy-bolzamyn-syndy/

pixel