RU
Украинадан Жомарт Ертаевтың экс-көмекшісі экстрадицияланды
Жаңалықтар Қоғам

Украинадан Жомарт Ертаевтың экс-көмекшісі экстрадицияланды

Рассказать Вконтакте

Айдос Құсайынов Украинадан Алматыға экстрадицияланды. Ол Жомарт Ертаевтың бұрынғы көмекшісі болған деп хабарлайды оңтүсік астана прокуратурсының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото NUR.KZ / Петр Карандашов

Иллюстрациялық фото NUR.KZ / Петр Карандашов

Ведомствоның мәлметінше, экстрадициялау бүгін 31 мамырда прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдары және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қатысумен жүзеге асқан.

Олар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін "Bank RBK" АҚ Директорлар кеңесі төрағасы кеңесшісінің экс-көмекшісі Айдос Құсайыновты Украинадан елге жеткізген.

Құсайынов, 2013-2018 жылдар аралығында банктің ақшалай қаражаттарын Жомарт Ертаевпен және басқа да тұлғалармен сөз байласу арқылы 26,3 млн теңге және 1,7 млн АҚШ долларын жымқырды деген күдікке ілінген.

Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланған.

Қазіргі таңда, Айдос Құсайынов Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel