RU

Конте италиялық "Интерді" жаттықтыратын болды

Миландық "Интердің" басшылығы Антонио Конте команданың бас бапкері болып тағайындалғанын мәлімдеді деп хабарлайды sports.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Миландық клуб басшылығы 49 жастағы маманмен неше жылға шарт жасасқанын хабарлаған жоқ.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Конте "Интерді" 3 жыл басқарып, 36 миллион еуро алады.

Италиялық бапкер соңғы рет лондондық "Челси" клубын жаттықтырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1797153-konte-italialyk-interdi-zattyktyratyn-boldy.html