Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сириядан Қазақстанға 170-тен астам бала қайтарылды

Опубликовано:

Қазақстан азаматтарын Сириядан қайтару бойынша "Жусан" арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі аяқталды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді деп хабарлайды Ақорда.

"Жусан" арнайы операциясынан кадр
"Жусан" арнайы операциясынан кадр: UGC
"Менің тапсырмам бойынша 28-31 мамырда "Жусан" арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі табысты өтті. Сириядан отандастарымыздың кезекті тобы оралды.
Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының жүйелі жұмыстарының және шетелдік серіктестермен тығыз ықпалдастықтың арқасында қақтығыс аймағынан 171 бала шығарылды. Қазақстанға оралған соң, олар оңалту шараларынан өтіп, барлық қажетті көмек алатын арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды", - деді мемлекет басшысы.

Қазақстанның президенті "Жусан" гуманитарлық операциясы ауқымды акция екенін атап өтті.

"Бұл бастаманы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды және былтырдан бері жүзеге асырылуда. Кешенді шаралар нәтижесінде қақтығыс аймағынан Отанымызға 357 бала қайтарылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету "Жусан" операциясының басты мақсаты болды", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы "Жусан" гуманитарлық операциясының қорытындылары мемлекетіміздің өте күрделі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті екенін көрсеткенін жеткізді.

"Осы операцияға қатысқан арнайы қызмет өкілдерінің, дипломаттардың, әскерилердің бәріне тапсырылған жауапты миссияны абыроймен орындағаны үшін алғыс білдіремін. Елге оралған отандастар жаңа өмір бастауға, ал балалар бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алды. Біз өз азаматтарымыздың құқықтары мен қауіпсіздігін алдағы уақытта да қорғайтын боламыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797158-siriadan-kazakstanga-170-ten-astam-bala-kajtaryldy/

pixel