RU
Қадір түнін қарсы алған астаналықтар қаладағы ең үлкен мешітке сыймай қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қадір түнін қарсы алған астаналықтар қаладағы ең үлкен мешітке сыймай қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Мамырдың 31-інен маусымның 1-іне қараған түні күллі мұсылман қауымы Қасиетті Қадір түнін қарсы алды. Көпшілік бұл түні мешітке барып, Алладан дұға-тілек тілеумен болады. Елордалықтар да жылдағыдай Нұр-Сұлтандағы ең ірі мешіттерге ағылумен болды. Ал Әзірет Сұлтан мешітінде қала тұрғындарының көп болғаны соншалық, олар тіпті мешіт ішіне сыймай қалды. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қадір түнінде жылдағыдай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне келушілердің саны көп болды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Мешіт ішіне сыймаған жамағатқа сыртта намаз оқуға тура келді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ал мешіт маңында орын таппағандар оның маңындағы орындықтарға жайғаса кетті.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сол сияқты Әзірет Сұлтан мешітінің көлік қоятын тұрағында да ине шаншар орын болған жоқ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тұрғындар тіпті көліктерді мешіт маңынан бөлек, көшенің арғы бетіне қойды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ал кейбірі мешітке келу үшін арнайы велоспедті пайдаланған екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сонымен бірге бір ерекшелігі биыл мешіт сыртына алып экран қойылған. Онда Алла үйінің ішінен көрініс көрінді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
1
1
27
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel