RU
Қасиетті Қадір түнінде мешіт алдында сүйіскен жастар қарияның ашуын келтірді

Қасиетті Қадір түнінде мешіт алдында сүйіскен жастар қарияның ашуын келтірді

Рассказать Вконтакте

Астанада Қасиетті Қадір түнінде мешіт маңында сүйіскен жастарды көрген ақсақал жанайқайын жеткізді. Қария кейбір жастардың Рамазан айының айрықша түнінің қасиетін білмегеніне налыды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қарияның сөзінше Әзірет Сұлтан мешітіне Қадір түнін қарсы алуға келіпжатқандардың көпшілігі жастар екен. Қария мешіт жанында көптің көзінше құшақтасып, сүйісіп тұрған жастардың әлгіндей әрекетіне налыдым дейді.

"Жастар сағат 10-нан бастап ағылып жатыр. Көпшілігі Қадір түнінің не екенін, оны қалай қарсы алу керектігін жөнді білмейді. Тек бір-біріне еліктеп, осында келіп алады да, маңайында осылай сабылып жүреді. Не намаз оқымайды.
Бағана тіпті анау орындықтың тұсына қыз бен жігіт болып құшақтасып, сүйісіп тұрған жастарды көрдім. Ішің ашиды. Алланың үйінің алдында ойларына келгенін істеп тұр. Соның бәрі тәрбиенің таяздығынан, үлкендерді сыйламағандықтан", - дейді ақсақал.

Қарт адам жастарды тым құрыса қасиетті түнде тәртіп сақтауға шақырды.

"Жай күндері болса мейлі, Қадір түнінде шамалы әдеп сақтаса болатын еді ғой? Тіпті таңға дейін осында жүріп, дұға тілемейтіндер де бар. Әрине жұрттың бәрі емес, бірақ сондайлар да бар", - деді қария.
Сіздің реакцияңыз
18
0
1
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel