RU
"Жағдайы жоқ па?": Арбатта ел алдында ән салған Серік Ибрагимов қызу талқыға түсті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жағдайы жоқ па?": Арбатта ел алдында ән салған Серік Ибрагимов қызу талқыға түсті

Рассказать Вконтакте

Серік Ибрагимов Алматыдағы ең көп адам жиылатын жерде көпшіліктің алдында ән шырқады. Кешке қарай жас музыканттар өлең орындап, ақша табатын арбатта отандық танымал әншінің өнер көрсетіп жатқаны серуендеп жүрген халықты таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Өнерін паш еткен шоу-бизнес жұлдызын көпшілік бірден қоршап алды. Олар эстрада әншісінің ән айту шеберлігіне тамсанып тұрса, желі қолданушылары асқан қарапайымдылығына тәнті болған.

Көшеде өлең орындап жатқан Серік Ибрагимовтың видеосы Instagram желісіне тарап кеткен. Видеодан оның әнді гитара шертіп айтып отырғанын аңғаруға болады.

"Қарапайым әнші деп осыны айт" , "Халықтың әртісі бұл" , "Тамаша өнерің гүлдене берсін", "Ауызашардан кейін тыңдармандарынды бір қуантып алдың" , - деп жазуда көпшілік.

Cонымен қатар, жұлдыздың көшеде ән салғанын қызу талықлағандар да болды. Олар ел алдында өлең орындаған әнші бұл әрекетіне жағдайы болмаған соң барғанын болжады.

"Жағдайы жоқ болып қалған ба?" , "Енді тойдан емес, арбаттан ақша таппақ болған ба?" , "Шамасы материалдық жағы қиындап қалған болар" , - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз
4
1
2
0
2
24
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel