RU
"Ханшайым сияқты": Атышулы Байзақова той көйлегін көрсетті (видео)

"Ханшайым сияқты": Атышулы Байзақова той көйлегін көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Айжан Байзақова желі қолданушыларына өзінің той көйлегін көрсетті. Жақын арада отау құрғалы жатқан атышулы ару үйлену тойына қызу дайындықты бастап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Instagram желісінде Байзақованың қалыңдық көйлегін таңдап жатқан видеосы тарап кетті. Асыл жар атанғалы жатқан бойжеткен өзінің үйлену тойында нағыз ханшайымдай болғысы келетін көрінеді.

Бейнежазбада атышулы ару ақ түсті көйлек киіп, айнаға қарап тұрғаны көрініс тапты. Өзі үшін аса маңызды болып табылатын той көйлегін таңдауға ол жақын құрбысын ертіп барған.

Желідегілер танымал блогердің көйлегіне қатысты пікір білдіріп, оны қызу талқыға салды.

"Әдемі көйлек, бақытты бол" , "Бақытқа лайықтысың" , "Бастысы ұзағынан болсын" , "Әрбір адам бақытқа лайықты", "Маған ұнады. Өзіне жарасып-ақ тұр" , "Ханшайымдайсың" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Байзақованың кімге тұрмысқа шыққалы жатқанын жазған болатынбыз. Атышулы ару ұлының әкесімен емес, басқа азаматпен отбасын құрғалы жатыр екен.

Сіздің реакцияңыз
24
3
4
2
3
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel