Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев дарынды балалармен кездесті

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Getty Images

Мемлекет басшысы Халықаралық балаларды қорғау күні еліміздің барлық өңірінен келген халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен, оқу үздіктерімен, көпбалалы отбасылардың балаларымен, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды мерекемен құттықтап, оларға оқуда табыс тіледі.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos
"Қазіргі заманда білімді және кәсіби маман болу өте маңызды. Білімді адамның шамасы бәріне жетеді. Сондықтан, сендердің жасыңда, ең бастысы, жақсы оқып, білім алу. Еліміздің лайықты азаматтары болатындарыңа сенімдімін. Сендерге бақыт тілеймін" , – деді Қазақстан президенті.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Орта сыныптың 40 оқушысы үшін «Ақорда» резиденциясында тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Олар бүкіл еліміз үшін маңызды стратегиялық шешімдер қабылданатын осынау ғажап ғимарат туралы көптеген қызықты деректермен танысты. Сонымен қатар, экскурсия барысында Елбасының тұлғалық қырына және оның тарихтағы рөліне ерекше көңіл бөлінді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1797197-tokaev-daryndy-balalarmen-kezdesti/

pixel